Елордада екі ер адам мен бір әйелдің денесі екі пәтерлі тұрғын үйден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер өрттің себебі сөндірілмеген темекі деп болжады.
Титов көшесіндегі пәтерде сағат 01:25-те өрт болды. Тек бір адам құтқарылды, үшеуі мерт болды.
«Тұрғын үйдің жануы – 70 ш. м. 53-тегі ер адам құтқарылды, 40 және 53-тегі ерлердің және 52-дегі әйелдің денесі табылды”, – деп мәлімдеді ТЖМ.
Өрт сағат 02:55-те толығымен жойылды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекілерді және басқа от көздерін қалдырмауды талап етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!