Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Үш кішкентай бала қайғылы жағдайда мерт болды

22.07.2023

489 0

Ақтөбе облысында үш кішкентай бала қайғылы жағдайда мерт болды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, 21 шілде күні сағат 16:45-те Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округі, Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзенінде 3 жасөспірім қыздың шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткені жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан куәгерлер 2007 және 2011 жылғы туылған балалардың денесін судан шығарған.

2013 жылғы туған қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықта 6 метр тереңдіктен денесін судан шығарды.

Алдын ала ақпарат бойынша, 2007, 2011 және 2013 жылы туған 3 қыз, олардың екеуі Әйтеке би ауданының тұрғындары, үшіншісі Ырғыз ауданынан қонаққа келген.

Суға шомылу кезінде, бір қыз баланың анасы қастарында болған.

ТЖД өкілдері көптеген жағдайда су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың себебі – жабдықталмаған және рұқсат етілмеген су айдындарында суға түсу, жүзе алмау, балалардың ата-ананың қарауынсыз қалдыру салдарынан боатынын атап өтті.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

1) Балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдыруға.
2) Бейтаныс, суға түсуге жабдықталмаған орындарда суға түсуге;
3) алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға;
4) жүзу шектерін белгілейтін қалтқылардан тыс жүзуге;
5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
6) демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты жағалауда қалдыруға тыйым салынады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: