Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Үш мыңнан аса қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

29.12.2021

946 0

Жыл басынан «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында 3000-нан аса шара ұйымдастырылып, 100 415 адамға қайырымдылық жасалды. Оның ішінде 15403 отбасына азық-түлік себеті үлестірілді. Ізгілікті шаралар жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Волонтерлар фронт офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов кеңірек тоқталды.

– «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның ірі әлеуметтік жобаларының бірі Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығын және Жаңақорған ауданындағы көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына арналған «Балдәурен» балабақшасын қамқорлықта ұстауға әрқайсына 22 млн. теңгеден бөлді. «Kazpetrol Group» ЖШС-гі облыстық инфекция ауруханасына 34 600 000 теңге тұратын 20 дана пациент мониторын алып берді. Марафон бастау алғаннан бері, білім беру саласы белсенді атсалысып келеді. Оның ішінде, мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобы үйден оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек көрсетуде, – деді Болатбек Серікбайұлы.

Сонымен қатар, марафон аясында «Халық» қайырымдылық қоры да облыстағы аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетті.

Ал, жыл басынан бері көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ерекше қараудағы жандар мен апатты жағдайда үйде тұрған жанұяларға 90-нан аса баспана кілті табысталды. Оның ішінде Арал қаласының 40 жанұясы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Волонтерлік бағытында Қазалы ауданында 23 отбасы, Қармақшы ауданында 14 отбасы қоныс той тойлады.

Сондай-ақ, «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі Оңталап Жидебаевтың айтуынша, 3 жылдан бері 50 отбасыға баспана кілтін табыстаса, биыл 10 жанұяның қоныс тойын тойлауға себепші болған. Жалпы, «Зекет» қоры «Тайқазан», «Берекелі рамазан айы», «Ел үлесі пәтер» секілді жобалар бойынша түрлі шаралар өткізіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: