Сейсенбі, 24 желтоқсан, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Үш рет ұрды, балағаттады»: Блогер Әсел Асқар

17.08.2023

380 0

Отандық блогер Әсел Асқар жаттығу залында болған келеңсіз жағдай туралы айтып, көпшілікке шағымын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әселдің айтуынша, фитнес клубта грек-рим күресінен чемпион, кәсіби спортшы өзін соққыға жыққан. Болған жағдай блогердің кавказ халқының жігіттеріне деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен. Әсел Асқар араша сұрап Медеу аудандық ішкі істер басқармасына жүгінді.

“Ел алдында жүрген адам ретінде келеңсіз жағдайға тап болдым. Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі, грек-рим күресінен чемпион, кәсіби спортшы соққыға жықты. Анамды қорлап, өзіне ешкімнің ештеңе істей алмайтынын айтып қорқытты. Оның белді адам екені белгілі болды. Ол мені ұрып қана қоймай, «қазақтың жезөкшесі» деп қорлады. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын. Құрметті генерал Запаров Арыстанғали Расылханұлы мырза, осы тергеудің барысын жеке бақылауға алуыңызды сұраймын. Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев осы оқиға аясында заң орындалуын бақылауыңызды сұраймын. Мен өз елімде өзімді қауіпсіз сезінбеймін. Мұндай жағдай қайталанбас үшін оны заңға сәйкес жазалауын сұраймын. Көп жағдайда мұндай бұзақылар әйелдің әлсіздігін, құқық қорғау орындарының шарасыздығын біліп тек айыппұлмен құтылады”, – дейді Әсел Асқар.

"Үш рет ұрды, балағаттады": Блогер Әсел Асқар

Блогер қоғамда әйелдердің өздерін қауіпсіз сезінгенін қалайды. Сондай-ақ ол бетінен соққы алғандықтан денесінің ауырсынып тұрғанын да жасырмады. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, блогерді ұрды деген күдікті анықталды. Ол 27 жастағы азамат болып шықты. Оның бұл әрекеті Әкімшілік кодекс шеңберінде «Ұсақ бұзақылық» және «Ұрып-соғу» ретінде қарастырылды.

“Аталған деректі Медеу аудандық полиция басқармасы тіркеп, тексеруде. 1996 жылы туған азаматқа қатысты ӘҚБтК – нің 73-1 («Ұрып-соғу») және ӘҚБтК-нің 434 («Ұсақ бұзақылық») баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Шешім шығару үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: