Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үшжақты меморандумға қол қойылды

16.06.2022

1301 0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы – Қызылорда қосалқы бөлімінің еңбек ұжымымен кездесті.

Аймақ басшысы теміржол ел экономикасын алға сүйреуші негізгі күш, күретамыры екенін атап өтіп, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың жалақысын кезең-кезеңімен көтеру үшін маңызды шешімдер қабылдау қажет екенін еске салды.

«Біз әрбір ұжыммен жеке кездесіп, ортақ мәселелерді талқылап келеміз. Қазіргі таңда 49 ірі компаниялармен бірлескен меморандумға қол қою туралы шешім қабылдадық. Мұндағы мақсат – жұмыс орындарын қысқартпау, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру. Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы түрлі әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік нысандар салып, халықтың әл-ауқатын көтеруді басты мақсат еттік», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Басқосуда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы – Қызылорда қосалқы бөлімінің басшысы Батырхан Базарбаев пен ұжымның кәсіподақ төрағасы Бауыржан Қайбалдыұлы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және қызметкерлердің мүдделерін қорғау бағытында атқарған жұмыстарды тізбектеді.

Кездесу аясында облыс әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: