Кеше Қызылорда қаласы мектептері арасында «Үздік тәрбие орынбасары-2025» байқау өтті. Байқауға 9 үміткер қатысты. Байқаудың мақсаты – жалпы орта білім беру ұйымдары тәрбие орынбасарларының қызметінің нәтижелілігін арттыруға ықпал ету; Тәрбие орынбасарларының белсенділігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру. Байқау үш кезеңнен тұрды.

I кезең – Тәрбие орынбасарының кейсі (Таныстыру бейнеролигі)
II кезең – «Мұғалім Talks» (Ұсынылған тақырыптардың бірін талдау)
III кезең – «Мен ұсынған жоба: идеядан іске асыруға дейін» (Жобалық жұмыс) Байқау нәтижесі бойынша I орынды №290 инженерлік бағыттағы «Келешек» мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Әйгерім Айнабаева жеңіп алса, II орынды Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салима Усенова, III орынды Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжайна Қуандықова, Б. Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Измаханова, №285 мамандандырылған мектеп-лицей-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрдос Ережепов болды.
Бұл байқау – мектеп ұжымдарының жүйелі тәрбие жұмысының нәтижесін айқындаған маңызды шара болды. Тәрбие орынбасарлары бала жүрегіне жол таба білетін, ұлттық тәрбиені заманауи бағытпен ұштастыра алатын, кәсіби білікті мамандар екенін көрсетті.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!