Жексенбі, 24 қараша, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Үздіксіз даму – мұғалімнің педагогикалық дамуының негізі

11.01.2023

989 0

Сурет ашық дереккөзден

Қалай қарасаңызда, «ұстаз» сөзі терең мағынаға ие. Әр адам өз өмірінде ерекше бағалайтын ұстазы бары анық.Тек сізге мұғалімдік еткен адам ғана емес,өміріңізге басшылық еткен, тәлімгер болған және үлес қосқан кез-келген адам ұстаз атағына лайық. Бауыржан Момышұлы атамыз, «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді» –дегендей ұстаздықты таңдаған адам өз бойында асыл қасиеттерді қалыптастыра білу керек, яғни өз мамандығына махаббатпен берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да біле алуы қажет. Менің пікірімше, ұстаздық ету кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Сонымен қатар, мұғалім өз бойындағы білімін оқушыға жеткізу үшін шығармашылық тұрғыдан үздіксіз ізденісте болуы қажет. Ал үздіксіз білім дегеніміз – үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылады.
«Оқушының бойындағы дарындылықты ашатын шебер ұстаз дегеніміз қандай болуы керек?» – деген сұраққа жауап бермес бұрын, «шеберлік» сөзінің мағынасына үңіліп алайық. Шеберлік – бұл кәсіби немесе әуесқойлық ізденістің барлық түрінде істі терең шолумен, дамыған іскерлікпен барлығын үйлестіре отыра тиімді әрекеттерді жүзеге асыра алу қабілеті.
Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;

  • оқу материалын терең түсіну;
  • оқу мотивациясының артуы;
  • алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте сақталуы.
    Оқушылардың оқу процесіне қатысуын арттыру және одан да маңыздысы олардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мен бейне және аудио жабдықты, смартфонды, компьютерді, сондай – ақ электронды оқулық пен интерактивті тақтаны қолданамын.
    Қазақстан жаңа әлемде жаңашыл ұлтқа айналу үстінде болғандықтан, біздің қоғам ендігі кезекте әлемдік стандарттарға сәйкес барлық салаларда дамуға тиіс. Біздің ұлтымызға қабілетті және ақылды жастар қажет, егер олар 21- ғасырға лайық 50 ұлттың бірі болғысы келсе, жаһандық өркениеттің шыңына кішіпейілділікпен сүйенетін, индустриалды дамыған елдермен терезесін теңестіретін және бәсекелесетін деңгейге жетуі тиіс. Әрбір жаңа ұрпақтың бәсекелестік қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аудару қазіргі қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі болып табылады.
    Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралылығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Сондықтан, оқушылардың оқу–тәрбие үрдісінде жан-жақты даму мүмкіндігін жүзеге асыру, білім алу процесіндегі шығармашылық ойлауын қалыптастыру, өз беттерімен білімді игеру қабілетін көрсете білуі мұғалімнің шеберлігімен тікелей байланысты. Еліміздің әрбір жасөспірімін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның барлық қабілеттерін ашу , нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – біздің қолымызда, әріптес!

Дамегуль Алиева

Смағұл Ысқаков атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі өндірістік оқыту шебері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: