Сенбі, 15 қараша, 16:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

15.11.2025

40 0

Бүгін ҚР көрнекті ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Шахмардан Есенов және оның Қазақстан ғылымы мен мұнай-газ саласын дамытудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Тағылымды шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, мұнай-газ саласының ардагерлері мен ғалымдар академик Шахмардан Есеновтың ғылымға және елдің минералдық-шикізат қорын игеруге қосқан өлшеусіз үлесін кеңінен атап өтті.

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол Шахмардан Есеновтің қазақ ғылымындағы ең бейнетті, ең жауапты кезеңдердегі қайраткерлігі мен табандылығын ерекше атап өтіп, оның мұрасы бүгінгі жас ғалымдарға бағдар болатынын жеткізді.

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті


«Шахмардан Есенов – қазақ ғылымына ерекше серпін берген, нағыз елдік мүдденің жанашыры болған тұлға. Ол геология саласын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, еліміздің аумақтық тұтастығын сақтап қалуда да биік қайраткерлік танытты. Бүгінгі конференция – ұлы ғалымның ізімен жүріп, оның еңбегін терең зерттеу, жас ғалымдарды ғылымға ынталандыру, мұнай-газ саласындағы жаңа идеяларды қалыптастыру жолындағы маңызды басқосу. Шахмардан Есеновтің ерік-жігері, еңбекқорлығы, жаңашыл ойы – Қазақстанның ғылымын алға жетелейтін биік құндылықтар. Біз осындай тарихи тұлғаларды дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адалдық қасиеттерін дарытамыз», – деді Ардақ Темірханұлы.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, танымал мұнай-газ саласының ардагерлері Ұзақбай Қарабалин, Ляззат Киинов, Анатолий Тегісбаев, академик Герой Жолтаев, «САУТС-ОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Серікжан Сейтжанов және басқа да сала майталмандары қатысып, ұлы тұлға жөніндегі естеліктерімен бөлісті.

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті


«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ғалым Байманов «Ел есіндегі Шахмардан Есенов» атты баяндамасын ұсынып, қайраткерліктің жарқын үлгісін танытқан Есеновтің ел мүддесі үшін атқарған орасан еңбектерін тарқатты. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева «Мұнай-газ бағытында кадрларды даярлау мен ғылымды дамыту» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өңірлік ғылыми-инновациялық дамуда университеттің стратегиялық рөлін атап өтті.

Ұлт ғылымының алып тұлғасы – Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Баяндамашылар Шахмардан Есеновтің геология ғылымындағы жаңашылдығын, еліміздің мырыш, мыс, қорғасын, мұнай, марганец, никель, кобальт, талшықтас және темір кен орындарын ашудағы жетекшілік рөлін ерекше тоқталды.
Оның бастамасымен бұрғылау жұмыстары бірнеше есе артып, жаңа әдістер бұрынғы кеңестік кеңістікте кеңінен қолданылғаны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: