Сәрсенбі, 19 наурыз, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Ұлт қуатты болуы үшін азаматтық ұстаным керек

18.03.2025

216 0

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам санасында қалып¬тасқан әлеуметтік масылдық пен саяси таяздық ұлты-мызды идеологиялық және мәдени тұрғыдан әлсірететіндігін айтады. Бұл ойды бірнеше философиялық көзқарастарда талдауға болады.
Мәселен, әлеуметтік масылдық тұтас қоғам мен адамның өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбай, сыртқы көмекті күтіп, белсенді әрекеттен бас тартуды білдіреді. Бұл ұғымды Ж.Руссо, И.Кант және К.Маркс секілді философтар адам еркіндігі мен жауапкершілігі шеңберінде қарастырады. Ж.Руссоның көзқарасы бойынша адам табиғатынан еркін, бірақ қоғам оған тәуелділік тудырады. Егер мемлекет азаматтарды толық қамтамасыз етіп, олардың белсенділігін төмендетсе, бұл олардың рухани құлдырауына әкеледі. И.Канттың категориялық императиві адамды жауапкершілікке және өз өмірін саналы басқаруға міндеттейді. Масылдық осы қағидатқа қарсы, себебі ол жеке жауапкершілікті әлсіретеді. Ал, марксистер болса, масылдық капиталистік қоғамдағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болатындығын айтады және белгілі бір топтар еңбектен тыс пайдаға қол жет¬кізуге тырысатындығын болжайды. Осы ойларға сәйкес, масылдықтың қоғамда қалыптасуы адамның өз тағдырына және қоғамдағы рөліне енжарлықпен қарауына әкеледі деп тұжырымдауға болады. Бұл жеке бастама, шығармашылық, интеллектуалдық ізденістің төмендеуіне себеп болады.
Әлеуметтік масылдық пен саяси таяздық ұлттың идео¬логиялық және мәдени әлсіреуіне әкеледі. Себебі қоғам өз күшіне емес, сыртқы қолдауға сүйеніп, өзіндік бастамашылдықтан айырылады, ұлттық рух пен белсенділік төмендейді. Шығармашылық ойлау мен ізденіс әлсіреп, ұлттың рухани және мәдени дамуы тоқырайды, мәдени жаңашылдық бәсеңдейді. Сондықтан философиялық тұр¬ғыдан алғанда, әлеуметтік масылдық пен саяси таяздық рухани және мәдени дағдарыстың көрінісі. Ұлттың қуатты болуы үшін азаматтардың жеке жауапкершілігі, сындарлы ойлау қабілеті мен белсенді азаматтық ұстанымы қажет. Білім беру мен рухани дүниетанымды дамыту процестерін күшейту, интеллектуалды және жауапты қоғам қалыптастыру ұлт болашағы үшін басты міндеттердің бірі.

Ботагөз ПАРИДИНОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының аға оқытушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: