Қызылорда облысының Полиция департаментінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында «Ұлт ұстазы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шараға облыстықҚоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і директорының орынбасары Жаныгүл Ерекешова қатысып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тақырыбында хабарлама жасады.
Одан бөлек Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың ақпараттарды қызметкерлер назарына ұсынды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тіл жанашырларымен пікір алмасты.
Іс-шара барысында қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Афанасий Петров ұлт ұстазымыздың «Жұртыма» атты өлеңін оқыды. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері «Ахаңның айшықты ойлары» тақырыбында диктант жазды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!