«Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулы жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, құжатта Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінде көрсетілетін сервистер, төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу тәртібі, сондай-ақ жүйеге қосылу шарттары айқындалған.
Жобаның мақсаты – Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Ұлттық банктің мәліметінше, құжатты қабылдау қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуына, банкаралық есеп айырысулардың қолайлылығы мен жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.
Құжат 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
