Жұма, 26 желтоқсан, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк зейнетақыны инфляциядан қорғайды

25.12.2025

52 0

Фото: enpf.kz

Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовтің басшылығымен қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды  kursiv.media

Кеңес БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жылдық кірістілікті инфляциядан 150-200 базистік пунктке асатын деңгейде қамтамасыз етуді қараыстырды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Кеңес ұзақ мерзімді перспективада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жылдық кірістілікті инфляциядан 150-200 базистік пунктке асатын деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, сондай-ақ несиені өтеу тетіктерінің тиімділігін арттыру және кепілді экономикалық айналымға тарту мәселелерін қарастырды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қараша айының қорытындысы бойынша басқарушылар арасында тек «Сентрас Секьюритиз» зейнетақы активтерінің жылдық табыстылығын инфляция деңгейінен жоғары – 15,72% қамтамасыз еткен. БЖЗҚ-да бұл көрсеткіш 12,4% инфляциямен 9,69% құрады.

Осыған дейін Ұлттық банк зейнетақы қаржысын Отбасы банктің бағалы қағаздарына салған еді. Ресми дерекке сүйенсек, тамызда Ұлттық банк жалпы сомасы 71,9 млр теңгеге «Отбасы банктің» облигацияларын сатып алған. Жаңа шығарылымдардың орташа табыстылығы жылдық 18% деңгейде бекітілген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: