Жұма, 20 наурыз, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

18.03.2026

7 0

Сайын даланың сипаты және табиғатпен біте қайнасқан өмір салты ұлттық киімде көрініс табады. Таным мен талғам тұтасқан мұраның ұрпаққа ұласа беретініне де дау жоқ. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі Наурызнамадағы айтулы күнді елеусіз қалдырмады. Яғни, бүгін шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер ұлттық нақышта киініп, мерекенің мәнін арттыра түсті.

Іс-шара барысында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен келген қызметкерлер әрбір ұлттық киімнің тарихы, тігілу ерекшелігі және ою-өрнектердің мағынасы туралы ақпараттармен бөлісті. Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тақиясы – сәндік бұйым емес, ұлттың дүниетанымы мен рухани болмысын айшықтайтынын терең түсінгені анық. Жазасын өтеушілердің бір-бірін мерекемен құттықтап, жыл басын жылы лебіздер айтумен бастағаны құптарлық іс.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мұндай кездесулер адамның рухани тұрғыдан жаңғыруына оң әсер етері сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: