Жұма, 27 желтоқсан, 23:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық мәселеде Сыр журналистерінің көзқарасы ортақ

09.09.2021

718 0

Журналистердің ынтымағы кәсіби тұрғыда орнаған. Ұлттық, әлеуметтік мәселелерде ортақ көзқарас қалыптасқан деп «Сыр Медиа» ЖШС директорының орынбасары Дәурен Сейітжанұлы өз пікірін білдірді.

«Бүгінде ақпарат кеңістігі кеңейді. Оқырман талғамынан шығу басты назарда. Журналистердің талабы шынайы ақпарат тарату. Бұл үдеден шығып та келеміз.

Бүгінде халық ақпарат пен қоса талдап, зерделенген мәселерді іздеп жүріп оқитын болды. Оқырманның сұранысы сараптамалық жарияланымда екені дәлелденіп келеді. Сондықтан, биылдан бастап біздің басылымдардағы тілшілерімізге сараптамаға аса ден қоюды талап етіп отырмыз. Әрі бұл баспасөздің өміршеңдігін білдіреді.

Расында, Сыр өңірінің жорналшылар арасында ынтымақ пен бірлік орнаған. Әсіресе кәсіби тұрғыда. «Сыр Медиа» ЖШС ұжымы өзге де аймақтық медиа құрылымдармен ынтымақтық байланысты берік орнатып жүр. Оңтүстік өңірлердегі «Түркістан Медиа Холдинг», «Әулие Ата Медиа» ЖШС, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Пресс», және тағы басқа ірі баспасөз құралдары арасында меморандумға қол қойып, бүгінде түрлі тәжірибе алмасулар өткізіп келеміз. Бұл біздің жас әріптестеріміз үшін де үлкен мектеп.

Жалпы, облыстағы барлық әріптестеріміздің ұлттық мәселеде, тіл, тарих жайында көзқарастары ортақ. Осы турасында кез келген сәтте бірігіп, шешуге ат салысамыз. Дегенмен, саяси мәселенің кейбір тұстарында қалыс қалатынымыз жасырын емес. Пікір тоғыспай қалатыны заңдылық», – деді Дәурен Сейітжанұлы.

Айта кету керек, «Сыр Медиа» ЖШС жас тілшілерді даярлауда да үлестерін қосуда. Осыған орай, 2018 жылы «Сыр Медиа» академиясы құрылды. Мақсаты – жас журналистерді тарту, қалам тербеуге қызығушылық танытып жүрген оқушыларды тәрбиелеу. Бүгінде академия қабырғасында майталман журналистер, әлеуметтік желіде белсенді блогерлермен өзекті тақырыптарда семинарлар ұйымдастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: