Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық мереке кең көлемде тойланады

18.10.2022

846 0

Елімізде жаңа мереке – Респубилика күні пайда болды. Ұлттық мерекені жоғары деңгейде атап өтудің және мерекелік шаралар бойынша халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспар әзірленген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов кеңінен айтып өтті. 

– Ұлытау төріндегі Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күні мәртебесін қайтаруды ұсынды. Елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы бар елде егемендік мерекесін Ұлттық мереке ретінде атап өтудің маңызы айрықша. Аймақта Ұлттық мереке аясында 1000-ға жуық шара ұйымдастырылады. Бұл күні әрбір азамат мемлекеттің дамуы мен Қазақстанның қалыптасуына қосқан жеке үлесінің маңыздылығын сезінуі тиіс. Облыстағы басты мерекелік салтанатты шара 22 қазан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық академиялық драма театрында өтеді. Сонымен қатар бірқатар әлеуметтік жаңа нысандар ашылады жоспарланған. Келісім мен бірлікті насихаттайтын, мәдени-бұқаралық, қайырымдылық, экологиялық бағыттағы іс-шаралар да ұйымдастырылып, мерекенің маңызын айшықтай түспек, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Айта кетейік,  аймақта ұйымдастырылатын шаралар негізгі бес бағытты қамтитын болады. Атап айтқанда, бірінші бағыт – ресми шаралар. Онда барлық жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде салтанатты жиындар өткізіліп, әр салада еңбек сіңірген қызметкерлер мен еңбек ардагерлері және төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен азаматтар марапатталады.

Ал екінші бағыт бойынша елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау шаралары өтеді. Бұл бағытта ғылыми конференция, шығармашылық кеш, фестиваль, форум, дөңгелек үстел мен танымдық кездесулер, ашық сұхбат алаңдарын  өткізу жоспарланған.

Үшінші бағыт – мәдени-бұқаралық іс-шаралар. 20 қазаннан бастап облыс орталығында және аудан орталық алаңдары мен саябақтарда мерекенің атмосферасын бүкіл халық сезінетіндей  мүмкіндік болады. Яғни, жаппай серуен, жәрмеңке, көрме, экспозиция, мерекелік концерт, от шашулар ұйымдастырылған.

Төртінші бағыт – қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық акциялар. Бұл мерекенің әлеуметтік миссияларының бірі – әрбір қазақстандықтың мұқтаж адамдарға өтеусіз көмек көрсетуге мүмкіндігі бар екенін сезіндіру.

 Бесінші бағыт – мерекені көрнекі безендіруге және ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: