Жексенбі, 15 наурыз, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық өнерді ұлықтаушылар ел болашағы үшін таңдау жасады

15.03.2026

44 0

Фото: Шиелі ауданы

Шиелі ауданы «Нартай сазы» фольклорлық ансамблі. Ұлттық өнерді ұлықтап, халқымыздың рухани мұрасын насихаттап жүрген өнер ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумға бейжай қарай алмайды. Өйткені өнер – халықтың жан дүниесін, тарихы мен тағдырын бейнелейтін рухани айна. Ұлттың үні мен болмысы өнер арқылы көрініс табады. Сондықтан елдің болашағына қатысты тағдырлы шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, белсенділік танытуы – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі деп есептеледі.

Ұлттық өнерді ұлықтаушылар ел болашағы үшін таңдау жасады


Өнер адамдары үшін елдің бірлігі мен тұрақтылығы – шығармашылықтың, рухани дамудың берік негізі. Тыныштық пен татулық орнаған қоғамда ғана өнер өркендеп, мәдениет гүлденеді. Сондықтан мемлекетіміздің ертеңіне қатысты маңызды бастамаларға үн қосу – үлкен парыз болып саналады.
Осы жауапкершілікті терең сезіне отырып, референдум учаскесіне келіп, дауыс берілді. Бұл – еліміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам, сондай-ақ келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған саналы таңдау болып табылады. Өйткені бірлік пен ортақ мақсат бар жерде елдің еңсесі биік, болашағы баянды болары сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: