Сыр өңірінде «Жүйелі қайырымдылық: тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбында IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті. Конференция жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам делегат — мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның ішінде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Сол жобалардың бірі – «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін арттыру». Бүгінде ел бойынша 180 ауыл мектебі өздерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және оқытудың тың әдістерін меңгеруге мүмкіндік алды. Аталған жобаны жүзеге асыруда аймақтағы NIS қордың серіктесі ретінде 8 ауылдық мектепке әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Жобаны жүзеге асыру аясында педагогтарға түрлі оқыту курстары, тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және оқу-тәрбие үдерісін жақсартуға ықпал етуде.

Мәселен, Жалағаш ауданының Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі өткен жылы жобаға қосылған болатын. Бір жылдың ішінде оң нәтижелер байқалды:

«Біз айқын өзгерістерді көріп отырмыз. Мұғалімдер кәсіби тұрғыда дамуға жаңа мүмкіндіктер алды, бұл тікелей оқушылардың нәтижелеріне әсер етті. Өткен жылы оқушылардың білім сапасы 57 пайызға артты», — деп атап өтті.
№201 мектеп-лицейі директорының орынбасары Айқын Жақсылықова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!