Сәрсенбі, 04 маусым, 04:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

«Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионға жуық балаға қаражат аударылды

02.06.2025

232 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Мемлекет болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық қор – балаларға» атты ұзақмерзімді қаржылық қолдау тетігін іске асыруда. Бүгінде бағдарлама аясында 7 миллионға жуық балаға қаражат аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бастама алғаш рет 2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған болатын.

Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде іске қосылды. Оны Қаржы министрлігі жүзеге асырады және ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жеке шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жиналған қаражатты тек тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы бағдарламаға 6 919 131 бала (2006–2023 жылдар аралығында туғандар) қатысты. Олардың әрқайсысына $100,52 мөлшерінде қаражат есептеліп, жалпы сома $695,5 млн-ды құрады. 2024 жылы олардың ішінде 18 жасқа толған 304 815 балаға $30,6 млн аударылды.

2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға жетті. Биыл 324 430 бала 18 жасқа толады. Осы жылы бір балаға есептелетін сома $129,38 болды. Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы $232,94-ке жетті. Жалпы алғанда, Ұлттық қордан балаларға бөлінген қаражат $1,5 млрд-ты құрады.

Бүгінге дейін тұрғын үй немесе оқу ақысын төлеуге арналған 118 мыңнан астам өтінім қабылданып, оның 97 мыңы қанағаттандырылды. Жалпы төлем көлемі $11,4 млн болды:

  • тұрғын үйге — 56 591 өтінім орындалып, $6,65 млн төленді;
  • білім алуға — 40 466 өтінім бойынша $4,75 млн аударылды.

Бұл бастама әрбір қазақстандық баланың болашағы үшін сенімді қаржылық негіз қалыптастыруды мақсат етеді және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құралы болып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: