Бейсенбі, 28 қараша, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық қор – балаларға: Алғашқы қаражаттың қашан түсетіні белгі болды

26.10.2023

1752 0

“Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында қаражат 2024 жылы 1 ақпаннан бастап беріледі. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр Дәурен Темірбеков 2024 жылдың ақпанында кәмелет жасына толғандар қордағы қаржысын шешіп алуына құқылы екенін айтты. 

«Қаражат 18 жасқа дейінгі барлық баланың санына қарай бөлінеді. Нәтижесінде бір балаға берілетін қаржы мөлшері анықталады. Алғашқы қаржы 2024 жылдың 1 ақпанында аударылады. 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толған баланың Ұлттық қордан ақшасын шешіп алуға мүмкіндігі бар», – деді Дәурен Темірбеков. 

Сондай-ақ, вице-министр есепшоттағы қаржының аударлығанын бақылап отыру жолдарын түсіндіріп берді. 

«Ақша аударымын ата-аналар enpf.kz сайтында баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тексере алады. Ол жерде тек сол жылдағы қаржы мөлшері ғана көрсетіледі. Ал бірнеше жылда қанша жиналғанын egov.kz порталынан көре алады», – деді вице-министр Темірбеков.

Айта кетейік, осыған дейін 18 жасқа толған балаға ұлттық қордан 3,5 мың доллар түсетіні хабарланған. Бүгінгі күні Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,5 миллион бала бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: