Бейсенбі, 22 қаңтар, 22:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар – қоғам дамуының негізі

22.01.2026

47 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда қаласында өткен бесінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ел дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, қоғамның рухани жаңғыруы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берді. Құрылтай барысында көтерілген бастамалар мен ұсыныстар жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, ел болашағына бағытталған нақты қадамдар ретінде бағаланды. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Ұлттық құрылтайға қатысып, Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алған қызылордалық азаматтар брифингке келді. Олар құрылтай барысында көтерілген негізгі мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, елдік маңызы бар жиыннан алған әсерлерімен бөлісті.

– Президентіміз мәдениет деген ұғымды тек театр мен музеймен шектемей, ең алдымен адамның дүниетанымы мен ішкі болмысына қатысты екенін атап өтті. Шынында да, кітап оқу – ой-өрісті кеңейтеді, ал мәдениетті болу – көркем мінез бен ұлттық құндылықтарды қастерлеуден басталады. Салт-дәстүрді саралап, тарих пен рухани мұраны бағалай білу – нағыз мәдениеттің көрінісі. Осы бағыттағы бастамаларды қолдап, әр азамат өз дүниетанымын кеңейтуі керек деп есептеймін. Сондай-ақ, құрылтайда халық арасында жиі сынға ұшырап жүрген Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қатысты өзгерістер айтылды. Аталған қордың қаржы министрлігіне берілетіні – орынды әрі уақытылы қабылданған шешім деп ойлаймын. Бұл мәселе бойынша сала мамандары да оң пікір білдіруде. Құрылтай барысында мемлекеттік кеңесші лауазымына қатысты да жаңашылдық жарияланды. Бұл жайт қоғамда түрлі пікір туғызды. Ал өңірлерге келер болсақ, Мемлекет басшысы Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қызметіне жоғары баға берді. Президенттің бұл сөзі құрылтайға қатысушылар тарапынан зор қолдау тауып, залда отырғандар шынайы ықыласпен қол соқты, – деді еңбек ардагері, “Парасат” орденінің иегері Сәби Аңсат.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: