SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Дулат Тастекей ұлына Абай есімін қойған ата-аналарға 180 мың теңге беруге уәде берді.
Айтуынша, бала 10 тамыз күні, ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күнінде өмірге келген болуы керек.
“Асыл тас” қоғамдық қоры ұлы философтың мұрасын сақтау бастамасымен шықты. «2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келіп, Абай есімі берілген балаларға 180 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалады», – деді кәсіпкер Дулат Тастекей Instagram парақшасында.
Ол бұл жобаның басты мақсаты – Абай мұрасын сақтау, оның есімін ұлықтау және жаңа ұрпақ арасында философиясын насихаттау екенін атап өтті.
Айта кетейік, биыл Қазақстан ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!