Бейсенбі, 19 желтоқсан, 05:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлытаулық азамат асырап алған балаларын бес жыл бойы құлдықта ұстаған

18.02.2024

644 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева желіде Ұлытау өңірінде бес жыл құлдықта ұсталған балалар туралы айтты. Деректерге сай, тұрғын бес баланы балалар үйінен асырап алып, фермасында мал қаратып, еңбек құлдығында ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Закиева облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен, прокуратура, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, істің барлық мән-жайын зерделеп, қажетті шараларды қолға алып жатқанын жеткізді. Айтуынша, бұл оқиға ақпан айының басында анықталған.

«Ақпан айының басында облыстық прокуратураның және қорғаншылықтың мобильді топтарын тексеру нәтижесінде анықталды. Патронаттық отбасы 2018 жылы балалар үйінен бір отбасының үш баласын – 1 қыз және 2 ұлды асырап алған. Балалар 14, 12, 8 жаста болған. Кейін қаладан 20 шақырым жердегі өз фермасында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Олардың шаруашылығында екі табын жылқы мен 18 сиыр бар», – деді Зәкиева.

Балалар амбудсмені фермаға тексеріспен келген комиссия мүшелерінің балалардың тұрмыс жағдайынан шошығанын да жасырмады.

«Олардың денелері көгерген, тыртықтары бар, арықтап, шаршаған, аш, көздері кіртиіп, әбден кірлеген. Қамқоршы осы жылдар бойы балаларды қорлап, ұрып-соғып, азаптап, құлдықта ұстаған. Одан бөлек бес жыл бойы алимент алып келген. Үлкен қызы колледжді бітірген. Бірақ  ол іс жүзінде сабаққа қатыспаған. Екінші ұл да колледжде оқиды. Бірақ оқу орынын тексергенде  олар тұрақты түрде ауру парағымен қамтамасыз етілген. Қамқорлыққа алған азамат қызды жұмысты орындамаса бауырларын көрмейтінін айтып қорқытқан», – деп қосты Зәкиева.

Одан бөлек, деректерге сүйенсек асырап алушы азамат жақында балалар үйінен тағы да балалар алуға қызығушылық танытқаны анықталған. Закиева аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазір балалар бірге және қауіпсіз жерде. Балаларға психологиялық көмек көрсетілуде. Киім-кешек беріліп, тамақтандырдық. Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға көмек көрсету, орналастыру және оқыту шараларын жеке бақылауына алды», – деді Зәкиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: