ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері келіп, экскурсия жасады. Көзделген мақсат – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өзге де қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер мекеме аумағындағы режимдік нысандарды аралап, жазасын өтеуші азаматтар орналасқан жатақхана мен камераларды көрді. Сонымен қатар, түзету мекемесінің тыныс-тіршілігімен толық танысып, жұмыспен қамтылуы бойынша мән-жайға қанықты. Арнайы келген әскери қызметшілерге ішкі тәртіп пен қатаң талап, ереже де егжей-тегжейлі түсіндірілді.
– Мекемеде ұйымдастырылған іс-шара – әскери қызметшілер, қылмыстық-атқару жүйесі үшін де маңызды тәжірибе. Олар жазасын өтеушілерді ұстау шарттарымен, мекеменің күн тәртібімен және режимдік талаптардың қалай орындалатынымен танысты.
Мұндай кездесулер құқық қорғау органдары арасындағы өзара түсіністік пен байланысты берік етпек. Қауіпсіздік пен тәртіпті қызметіміздің басты қағидасы десек, ашық форматтағы кездесу – заңға бағыну мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға негіз, – деді Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет майоры Сантай Абсадыков.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!