Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Ұрып-соғып сірке суын іштірген»: Ақтөбелік тұрғын қызына күйеуі тұрақты түрде қорлық көрсетіп, қорқытып отырғанын мәлімдеді

26.07.2023

737 0

Ақтөбеде әйел бірнеше дене жарақаттарын алып, сірке суымен уланған. Жәбірленушінің жақындары оның жұбайын жазалауды талап етіп, дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны “Немолчи.kz” қорының басшысы Дина Тәңсәрі мәлімдеді. 

19 шілде күні ақтөбелік әйел сірке суымен уланып, дене жарақаттарын алуна байланысты ауруханаға түскен. Екі күннен кейін реанимациядан шығарылған. Алайда әлі күнге дейін медициналық сараптама жүргізілмеген. 

40 жастағы әйелдің анасы мәселені шешуді сұрайды. Айтуынша, күйеуі оны бетінен ұрып, сірке суын ішкізген. Сондай-ақ оның құзырлы органдарда таныстары бар әрі өзі де бұрынғы ІІМ қызметкері екенін, ол сол арқылы әйелді қорқытып отырғанын айтты.

Жұбайы жауап беру кезінде әйел гематома мен денесіндегі көгерулерді өзі жасаған. Тіпті сірке суын өзі ішті деп түсіндірген. 

“Жәбірленушінің туыстары ер адамға сенбейді. Медициналық сараптама мойын мен тамақтың тұсындағы зорлық-зомбылық іздерін көрсете алады, бірақ уақыт өтіп жатыр. Қазіргі таңда ер адам әйелге манипуляция жасап, оны қорқытып отыр. Жәбірленушіге кәсіби психологиялық көмек қажет”, – деді Тәңсәрі.

Әйелдің 2011 жылы сот-медициналық куәландыру актісі ұзақ мерзімді тұрақты түрде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын растайды.

Дина Тәңсәрі Бас прокуратурадан мәселені зерттеуді сұрады.

“Осы факт бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде, сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: