Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Ұрыспайды, рұқсатын алдым»: Қыран Талапбек әйеліне қымбат сыйлық алды

26.07.2023

1174 0

Танымал мобилограф Қыран Талапбек жақында екінші рет отбасын құрды. Желіде Қыранның әйеліне қымбат сыйлық сыйлап жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыран Талапбек әйелі Гүлзада Тұрлашқа Prada брендінің сөмкесін алып берді. 

“Әдемі stories түсіру үшін оған сыйлық алып бердім”, – деп жазды Қыран Талапбек. Гүлзада  Тұрлаш та өз кезегінде жаңа сөмкесімен мақтанды.

“Ол менің қалағанымда алып береді. Сіздерге бәрін әдемілеп көрсетейін деп едім, бірақ қорабын алып тастадым. Бұл менің жаңа сөмкем. Салпыншағын тағып қойдым. Неткен әдемі”, – дейді Гүлзада.

Гүлзаданы Қыранның біріншң әйелі Айжұлдызға ұқсатқан желі қолданушылары көп. Басым көпшілігі бірінші некенің ойран болуына ене мен келін арасындағы кикілжің екенін де біледі. Желідегілер Қыраннан сыйлық аларда анасынан рұқсат алған-алмағанын сұрап, оны кекетті.

“Анаң әпере бер деді ме?”, “Анаң ұрысып жүрмесін”, “Мама рұқсат берді ме?”, “Сыйлық алып бергеніңді анаңа айтпа”, – деп жазған желі қолданушыларына Қыран: “Әрине, мама алма десе алмаймын ғой. Қорықпа, ұрыспайды, рұқсат алдым”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуінің үйленгеніне қатысты пікір білдірген болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: