Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Ұшақ билеттері қолжетімді бола ма? Мемлекет бақылауды күшейтті

08.12.2025

52 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов 2025 жылғы 8 желтоқсанда тікелей эфирде авиакомпаниялардың билеттер бағасын реттеу саласындағы қызметіне бақылауды күшейту ниеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың сөзінше, кейбір шаралар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына енгізілген.

«Бұрын авиацияны тек шағым бойынша да тексеруге болмайтын. Біз бақылауды авиацияға қайтардық және оны Азаматтық авиация комитетіне бердік. Бұрын «Кәсіпкерлік кодекс бар, авиацияны тексеруге болмайды» деп айтатын. Бұл – лоббистердің өтінішімен болған. Біз тексеруді қайтардық. Теміржолға бақылау бар, ал неге авиацияға жоқ? Енді тексереміз. Бұдан бөлек, қайтарылмайтын билеттерді толық алып тастадық. Бұрын 30%-ын өзінде қалдыра алады деп еді, біз бұл шекті 10%-ға түсірдік. Яғни, авиакомпания тек 10%-дан аспауға тиіс. Бұл біз енгізген өзгеріс», – деді Мұрат Әбенов.

Депутат бақылаудың енді қатал болатынын айтты.

«Енді сапасыз немесе уақытында көрсетілмеген қызметтер үшін айыппұлдарды дұрыс төлеуге жұмыс істейтін боламыз. Бағалардың тым қымбат екенін, әсіресе арзандатылған рейстерде де байқалады. Мысалы, Қызылордаға әдеттегі рейстер жоқ, тек лоукостер ғана. Бірақ оның бағасы – 40 мың теңге. Ал Еуропада лоукостердің бағасы біздің теңгемізбен шамамен 10–12 мың теңге. Демек, бізге әділетсіздік жасалып отыр. Қазір заңды қабылдаймыз да, ары қарай талаптарды күшейтеміз», – деп уәде етті Мұрат Әбенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: