Мереке қарсаңында Қызылорда облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі сотталған азаматтарға білім беретін ұстаздар марапатталды.

Мұғалімдер күні – ЮНЕСКО-ның шешімімен 1994жылдан бері Халықаралық деңгейде 5-қазан күні атап өтіледі. Бұл күн мұғалім мамандығының жаһандық маңыздылығын және әлемдегі педагогтардың еңбек жағдайларын жақсартудың қажеттілігін айқындайды.

Мұғалімдер әр адамның өмірінде басты рөл атқарады. Олар біздің дүниетанымымызды қалыптастыруға, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және жаңа жетістіктерге шабыттандырады. Мұғалімдер күні – олардың кәсіпке адалдығы мен тәрбиелеудегі еңбектері үшін ризашылық білдіру мүмкіндігі.
№60 мекеме басшысы, әділет подполковнигі М.Өтетлеуов ұстаздардың ұлағатты жолындағы қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерімен, еліміздің дамуына қосқан үлесін айтты. Тілегін жаудырып қана қоймай арнайы алғыс хатпен марапаттады.
«Облыстық білім басқармасы 2025-2026 оқу жылына үш кәсіби колледжден 3 мамандыққа орын бөлді. Атап айтқанда С.Ықсанов атындағы құрылыс және бизнес колледжі, М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі және М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледждерімен жұмыс жасаудамыз. Бүгінде жалпы 80 студент білім алып, кәсіпке бейімделуде. Мекемеге мұғалімдер үздіксіз келіп сабағын өтеді. Сотталғандарға мұндай арнаулы-кәсіби білім беру, олардың келешекте қоғамда өз орнын тауып, еңбекке араласуына жағдай жасайды»,- дейді Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің басшысы, майор А.Абдреймова
Ғалым да, шахтёр да бас иетін барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, абырой, денсаулық тілейміз!
Төлеп Рәпіш
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!