Бейсенбі, 22 қаңтар, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

V Ұлттық құрылтай: ел болашағына бағыт берген тарихи жиын

22.01.2026

55 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтай ел тағдырына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланған, қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындаған маңызды әрі тағылымды басқосу болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында ұлттық бірлік, әділетті қоғам қалыптастыру, білім мен тәрбие, жастар саясаты және өңірлердің дамуы сынды басым бағыттар қамтылды.


Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Ұлттық құрылтайда Президент қолынан мемлекеттік награда алған қызылордалық азаматтар өз әсерімен бөлісіп, құрылтайда көтерілген бастамаларға қатысты пікір білдірді.

– Шындығында да көкірегімізді қуаныш кернеп отыр. Бесінші Ұлттық құрылтайдың аймағымызда өтуі үлкен серпін болды.
Құрылтайда ел болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланған, қоғам дамуының жаңа бағдарлары айқындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұлттық бірлік, әділетті қоғам құру, білім мен тәрбие, жастардың әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Ұлттық құрылтай – халық пен билік арасындағы ашық диалогтың нақты көрінісі деп есептеймін. Президент ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін, адал еңбек пен білімді басты құндылыққа айналдырған ұрпақ тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Бұл ойлар қосымша білім беру саласында еңбек етіп жүрген біз үшін үлкен сенім әрі жауапкершілік жүктейді. Осы тарихи жиында Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік «Құрмет» орденін алу – мен үшін зор мәртебе. Осы марапатты жеке жетістік ретінде емес, қосымша білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздар мен тәлімгерлердің еңбегіне берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Елге қызмет ету – үлкен абырой. Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен заманауи білімді ұштастыра отырып тәрбие беру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен сенім бізді жаңа бастамаларға жетелеп, жауапкершілігімізді арттыра түседі. Осы орайда, ел дамуына бағытталған салиқалы саясатымен, білім мен тәрбие саласына әрдайым ерекше көңіл бөліп келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына шынайы алғыс айтамын. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-рухани дамуына және білім беру жүйесінің ілгерілеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп отырған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына ризашылығымды білдіремін. Бесінші Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір бастама ел болашағы үшін маңызды бағдар. Біз бұл сенімді ақтау жолында адал еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай – елдігіміздің айқын көрінісі, бірлігіміздің берік негізі,- деді “Қосымша білім беру” КММ директоры, “Құрмет” орденінің иегері Қайрат Жәлімбетов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: