Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Вакцина алмаған тұрғындардың қоғамдық орынға баруына тыйым салынды

07.07.2022

720 0

Қытай астанасының билігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған тұрғындарға кісі көп жиналатын орындарға баруға тыйым салды. Бұл шара 11 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Ли Анның айтуынша, COVID-19-ға қарсы екпе алмаған азаматтар Бейжіңдегі кісі көп жиналатын орындарға бара алмайды.

Мұндай орындарға оқу орындары, кітапханалар, мұражайлар, кинотеатрлар, сурет галереялары, спорт ғимараттары, фитнес залдары, ойын-сауық орындары, интернет-кафелер және басқа да орындар жатады.

Жоғарыда аталған орындарға бару үшін Бейжің тұрғындары вакцинация сертификатын көрсетуі керек.

Шектеулер денсаулығына байланысты вакцинация алмаған адамдарға қолданылмайды.

Аталмыш шаралар келесі дүйсенбі, 11 шілдеден бастап ресми күшіне енеді.

Өткен тәулікте Қытай астанасында COVID-19 инфекциясының 4 жаңа жағдайы анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: