Жұма, 23 мамыр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Вандализм –  үлкен мәселе

23.05.2025

80 0

Бүгінгі таңда вандализм  жиі кездесуде. Біреудің мүлкіне, қоғамдық орынға немесе табиғатқа әдейі зиян келтіру, мектептегі партаға  жазу немесе қабырғаны сызу оқушылар үшін ойын секілді. Алайда бұл – өзің білім алып отырған орынды қадірлемеуге жатады. Жағымсыз әрекет көшеде, аялдамада, қоғамдық көлікте жиі кездеседі.

Бір күні дүкеннен қайтып келе жатып, бір топ жасөспірімнің аялдама орындығын тепкілеп, қоқысын шашып тұрғанын көрдім. Осындай әрекет көбейген.Тағы назар аударатын жағдай, балалар ойын алаңының жабдықтарына балағат сөз жазып кету де әбестік. Осындай істерді жасағанда, жауапкершілікті мүлде сезбейтіні өкіншті. Менің ойымша бұл – тәрбие көрінісі. Үйде ата-ана балаға дұрыс тәрбие берсе, ол қоғамға зиян келтірмейді. Әр адам  ортасына ұқыппен қараса, мұндай әрекет мүлде болмайды.

   Егер өз айналамызды таза ұстап, қоғамдық жерлерге құрметпен қарасақ, еліміз – таза, өзіміз мәдениетті болар едік.                                                                                              

                                                                                      Іңкәр ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

                                     Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                        Журналистика мамандығының 1-курс студенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: