Шымкентте қазақ тілінде жазылған мәтінді ежелеп оқыған вице-министр оңбай сынға қалды, деп жазады Alash.KZ.
Бұл “Ақылды қала” туралы қазақ тілінде сөз сөйлеп тұрған Цифрлық даму вице-министрі Оразбек Асхат. Ол әлдебір бағдарламаның уақытты үнемдеп, қашықтан құжат алмасуға және жұмысты автоматтандыруға көмектесетінін айтып жатыр.
Видеодан қағаздағы мәтінді өзі түсінбестен, ежелеп оқып тұрғанын байқауға болады. Қазақ тілінде жазылған баяндаманы оқып қиналғаны сонша, шашымен алысып кетті.
Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды. Олар «мұндайларды мемлекеттік қызметтен құрту керек», “Неміс шенеунік неміс тілінде жазылған баяндаманы оқи алмай тұрса, қалай болар еді? Ұят-ай”, “Өзім масқара болғандай ұялып тұрғаным”, “Бірінші сынып оқушысы”, деп жазды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!