Сенбі, 29 маусым, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық компания Ресейге көмектескені үшін Еуроодақтың санкциясына ұшырады

25.06.2024

404 0

Сурет: azattyq.ruhy

Қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуроодақ санкцияларының 14-пакетіне түсті. Тізімге Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ фирмаларын қосқанда барлығы 61 компания кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тараптың Ресеймен саудаға ешқандай санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын баса айтты. Сонымен бірге ол өз аумағын Батыс елдерінің санкцияларын айналып өту үшін пайдалануына жол бермеуге тырысады. Осылайша Қазақстан билігі қазақстандық компанияларға санкция салудан аулақ болуға тырысып жатыр.

«DA GROUP 22» ЖШС 2022 жылы құрылған. Бұл – электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасымен айналысатын шағын кәсіпорын. Компанияда бір ғана қызметкер бар.

Айта кетейік, Ресей-Украина соғысының басталуының екі жылдығы қарсаңында Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тізімге ЕО мәлімдемесінде айтылғандай, «Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдаған» және «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысқан» Қазақстан компаниялары кірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: