Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Видео туралы қоғам білмесе дедік-Нүкенованың ағасы

12.03.2024

642 0

Сурет:massaget.kz

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы ойын ашып айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айтбек Амангелді бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтады. 

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім – бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», – дейді Айтбек Амангелді. 

Оның сөзінше, қазір айыпталып отырған бұрынғы шенеунік тіпті жұбайын жалаңаш күйде видеоға түсірген.

«Ол Нүкенова жалаңаш көрінетін видео түсіріп, бұл оған кепіл болатынын айтты. Өз кезегінде Нүкенова үрейленіп, Бишімбаевтың іс-әрекетінен қорқып, өз еркіне қарсы осы талапты орындап, өзін мәжбүрлі түрде киімсіз видеоға түсіруге рұқсат етті», – деді прокурор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: