Жұма, 21 ақпан, 23:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Волонтер Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың дерек шықты

20.02.2025

298 0

Фото: ашық дереккөз

Перизат Қайраттың анасы да алаяқтық ісі бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Гайни Алашбаева қызына көктемгі тасқындардан зардап шеккендерге көмек үшін қазақстандықтардан жиналған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға белсенді түрде көмектескен. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

Жеңіс Елемесовтың сөзінше, Перизат Қайрат тағы бір іске күдікті деп танылды. Ол мүгедектерді оңалту орталығын құру үшін ақша жинауды ұйымдастырған. Жиналған 22 млн теңгені өз пайдасына жұмсаған. 

“Жалпы, қаржыны көліктер, пәтерлер, жеке үй сатып алуға жұмсаған», – деді Елемесов.

Тергеу наурыз айының басында аяқталмақ. Жалпы қылмыстық істің өзі 100 томнан тұрады. Тараптар істің материалдарымен танысқан соң, сот басталмақ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: