Дүйсенбі, 25 қараша, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Уақыт белдеуіне байланысты жұмыс уақыты өзгерту ұсынылды

05.03.2024

674 0

Фото: Stan.kz 

Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты блогер Нұр Қанатұлы қазақстандықтарға жұмыс күнін сағат 8:00-де бастап 17:00-де аяқтауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің сөзінше, біз ерте ұйықтап, ерте оянып жүргендіктен жұмыс уақытын да соған лайық өзгерту керек. 

Менде мынадай ұсыныс бар: жұмыс уақытын таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін өзгертсек. Өйткені, бізді бір сағатқа артқа жылжытты. Біз ерте ұйықтап, ерте ояна бастадық. Сіздерге қалай? Өз пікірлеріңізді жазсаңыздар, – деді блогер.

Мектеп мәселесін де көтеру керек. Балалардың сабағы 19:00-де аяқталады. Бұл бұрынғы уақыт бойынша 20:00-де дала қою қараңғы», «Иә, бір уақытта электр қуатының тарифі көтеріліп, уақыт энергия орталығының пайдасына өзгертілді. Жарықты 1 сағат бұрын қосамыз. Монополис пайда тауып жатыр», «Таңертең сыртқа шықсаң түс болып кеткен сияқты әсер аласың, – деді желі қолданушылары. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: