Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Уақытпен үндескен, қоғаммен тілдескен

02.07.2022

810 0

28 маусымБұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған «Қанатты қалам – 2022» салтанатты шара өтті. Мерекелік кешке облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, төртінші билік өкілдерін төл мерекемен құттықтап, үздік журналистерді марапаттады.

– Ақпарат тасқыны алапат дәуірде таңдаған мамандығына адал болып, ұстанымын өзгерт­пеген, қалам қасиетін ардақ тұт­қан журналистер қауымына жақсы тілектерімізді айту үшін жиналып отырмыз. Өздеріңіздей туған жердің тарихын қадір тұтып, бүгінгісіне марқайып, ертеңіне алаңдайтын қауыммен жүздесу – біз үшін үлкен қуа­ныш. Тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен бастап ел дамуының барлық кезеңдерінде бүгінімізді бекем, болашағымызды жарқын ету жолында сіздер де зор үлес қосып, ең қиын сәттерде жүректерге сенім ұялататын шы­найы ақпарат тараттыңыздар, халықтың ертеңге деген сенімін арт­тырдыңыздар. Сенсацияны мақ­­сат тұтқан жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратып, көрермен мен оқырманға дұрысын жеткізу үшін тынбай еңбек еттіңіздер. Ағайынның ауызбірлігі, қалтқы­сыз сенім, қиналғанда бір-біріне қол созған қайырымды жандар туралы көрсетілім, мақала ұйым­дастырасыздар. Сол үшін де сіз­дер­ге Сыр жұртшылығы аты­нан зор ризашылығымды біл­­ді­ремін, ел үшін жасап жүрген ең­­бек­­теріңізге бас иеміз, − деді облыс әкімі.

Қазіргі кезде аймақтың медиа кеңісті­гінде 130-дан аса бұқаралық ақпарат құра­лы жұмыс істейді. Заман талабына сай жаңару мен жаңғырудың жолын ұстанған бұл сала іргелі индустрияға айналды. Биыл Сыр өңірінде айтулы мереке ерте тойланды. Ең алдымен БАҚ қызметкерлері арасында еркін форматта караоке батл сайысы өткі­зілді. Сондай-ақ алғаш рет еліміздің бар­лық аймақтары қаламгерлерінің басын қосқан облыс әкімінің кубогы үшін шағын футболдан республикалық турнир ұйым­дастырылды.

Шара барысында облыс әкімі сала ар­дагерлеріне ерекше құрмет көрсетті. Атап айтсақ, «Еңбек ардагері» медалімен Қызылорда қоғамдық телерадиокомпания­сының атқарушы директоры Мұрат Шалабаев, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Тұран-Қазалы» серіктес­тігінің директоры, газеттің бас редакторы Ғазиз Әліш марапатталды. Соны­мен қатар аға буын журналистер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасын алған журна­листерге шипажайға жолдама берді.

«ШАҺАР КЕЛБЕТІ» НОМИНАЦИЯСЫ БҰЙЫРДЫ

Одан кейін ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан БАҚ өкілдерінің үздіктері ерекше қошеметке ие болды. Мереке қарсаңында қызылордалық біршама журналистерге облыс әкімінің арнайы номинациясы, алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды. Айта кету керек, үздіктер қатарында «Ақмешіт апталығы» газеті де бар. Басылымның бас редакторы Әзиз Батырбеков «Шаһар кел­беті» номинациясының иегері атанды.

АҚТІЛЕК БІТІМБАЙ –

ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ЖУРНАЛИСТ

Мереке қарсаңында журналист Сағит­жан Бермағанбетов атындағы «Ең үз­дік жас журналист» атты дәстүрлі облыс­тық байқауы ұйымдастырылды. Оның мақса­­ты – жас журналистердің шығарма­шылы­ғын шың­дап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Байқауға жасы 30-ға дейінгі бұқа­ралық ақпарат құрал­дарында жұмыс іс­тейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатысты. Қатысу­шылардың еңбектерін са­раптау бары­сында тақырыптың өзектілігі және маңызы, зерттеу әдістерін қолдана білуі есепке алынды.

Ең үздік жас журналистерді марапаттау сәтінде Сағитжан Бермағанбетовтің анасы Меруерт апай сахна төріне шақырылды. Облыс әкімі өткір сөзді, талантты пер­зентті дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетті. Осы байқауда әріптесіміз «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Ақтілек Бітімбай «Ең үздік жас журналист» номинациясын иеленді.

Одан кейін Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев бір топ БАҚ өкілін Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен мара­паттады. Айта кетейік, биыл Қазақстан­ның «Құрметті журналисі» атағы ардагер-журналист Жаңабай Кемалға табыс­талған болатын. Сондай-ақ, әріптестіміз Нұрсұлтан Мықтыбаев Қазақстан Журналис­тер ода­ғының сый­лығына ие болды.

Мерекелік шараға мәде­ниет майталман­дарымен бір­ге журналистердің өздері де өне­рін ортаға салып, әннен шашу шашты.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: