Қызылорда өңіріндегі барлық 378 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Енді учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дауыстарды санау процесіне көшеді.
Айта кетейік, заңға сәйкес дауыстарды санау 12 сағат ішінде жүргізіледі.
Еске салайық, Қызылорда өңірінде 378 референдум комиссиясы құрылды. Мұнда 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
