Топ-баннер2

Сәрсенбі, 11 наурыз, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

WhatsApp-пен ыдыс сатып, 50 млн теңгені жымқырған ерлі-зайыпты сотталды

11.03.2026

39 0

фото: shutterstock

Жамбыл облысында тұрмыстық тауар сатамыз деп, жүзден аса адамды алдаған ерлі-зайыптыларға қатысты үкім шықты деп хабарлайды Бас прокуратурадан, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сотталушылар 2024 жылы желтоқсанда «WhatsApp» мессенджерінде ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника сатамыз деген хабарландырулар жібере бастайды. Тергеу дерегінше, алғашында сатып алушылардың сеніміне кіру үшін бірінші клиенттерге тауарларды нақты жеткізген. Бірақ басқа азаматтардан тапсырыстың ақшасын алғанмен, тауарларды бермеген. Ал қаражатты қайтармай, өз қалауынша жаратқан.

Нәтижесінде 112 адам зардап шегіп, 51 млн теңге көлемінде материалдық залал келген. Сот үкімімен күйеуі 2 жыл 8 айға, ал жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

«Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде қырағылық танытуға, бағасы едәуір төмен ұсыныстарға тиісті кепілдіктер мен құжаттарсыз сенбеуге, ал алаяқтық деректері туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады», – деп ескертеді құзырлы органдардан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: