Meta компаниясының мәлімдеуінше, енді WhatsApp мессенджерінде 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналған балалар аккаунттары пайда болады. Оны ата-аналар құрып, басқара алады, – деп хабарлайды kursiv.media
Компания мәлімдемесінде айтылғандай, баптаулардан кейін мұндай профильдерді ата-ана немесе қамқоршы бақылайды. Олар баланың аккаунтымен кім байланыса алатынын және баланың қандай топтарға қосыла алатынын шешеді. Сонымен қатар, ата-аналар бейтаныс адамдардан келген хабарлама сұрауларын көріп, құпиялылық баптауларын басқара алады.
Әзірге қашан іске қосылатыны хабарланған жоқ.
Осы жылы бірқатар елдер жасөспірімдерге әлеуметтік желіні шектеу туралы бастаманы қолға ала бастады. Алғашқылардың бірі болып Аустралия жасөспірімдерге толығымен мессенджерлер пайдалануға тыйым салды.
Франция мен Ұлыбританияда осындай заң жобасы талқыланып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
