Жексенбі, 15 ақпан, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Wildberries Қазақстанда тауарды бөліп төлеу мүмкіндігін іске қосты

15.02.2026

48 0

фото: ашық дереккөзден

Wildberries маркетплейсін пайдаланатын Қазақстандағы тұтынушылар енді тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Компания хабарлауынша, ритейлер елдегі ірі банктермен серіктестік орнатып, клиенттерге төлемнің икемді шарттарын ұсынған. Бөліп төлеуді 10 мың теңгеден басталатын тапсырыстарға рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сатып алынған тауардың құнын 3 немесе 6 айға тең үлеспен өтеуге болады.

Сондай-ақ, сатып алушы барлық шарт пен комиссия көлемін алдын ала көре алады. Егер тауар сәйкес келмей, қайтару рәсімделсе, бөліп төлеу автоматты түрде жойылады.

Платформада жұмыс істейтін сатушылар үшін бұл жаңашылдық сатылым көлемін арттыруға ынталандыру болмақ. Селлерлер үшін шарттар өзгермейді: маркетплейс сатылған тауар үшін қаражатты толық көлемде және әдеттегі мерзімде аударады.

Алдағы уақытта Wildberries қаржылық құралдар желісін кеңейтіп, исламдық банкинг қағидаларына сай серіктестік бөліп төлеуді іске қосуды жоспарлап отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: