Наурызнама онкүндігінің Ынтымақ күнінде облыстағы этномәдени бірлестіктер төрағалары, мүшелері, ҚХА ардагерлері, облыстық ҚХА құрылым төрағалары және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Наурыз – достық алаңы» мерекелік думан өтті.
«Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов Ынтымақ күніндегі мерекелік шара береке, бірлігімізді арттыру мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті. Достық үйінің алаңында этнос өкілдері, мекеме жігіттері де қыздар да ұлттық спорттың көркін кіргізді. Асық атып, ләңгі теуіп, гір көтеріп, арқан тартысты. «Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Осы ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жалғастырып отырған. Бізде Ұлыстың ұлы күнінде осы мерекені асыға қарсы алып, қазақтың ұлттық ойындарын бірге ойнаймыз» – деді неміс орталығының төрағасы Ирина Шек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!