Бейсенбі, 28 тамыз, 12:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

Ыстық ауа райы адамдарды тез қартайтады – ғалымдар

28.08.2025

55 0

Фото: pixabay. сom

The Guardian басылымы ыстық ауа температурасының адамдарға кері әсері туралы жаңа зерттеу нәтижелерін хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Ғалымдардың пікірінше, ыстықтың адам денсаулығына тигізетін кері әсері темекі шегу, алкогольді шамадан тыс қолдану, дұрыс тамақтанбау және физикалық белсенділіктің жетіспеушілігі сияқты зиянды факторлармен бірдей.

Жаңа зерттеуде қатысушылардың биологиялық жасын анықтау үшін әртүрлі медициналық талдау нәтижелері пайдаланылған. Кейін ғалымдар оны нақты жасымен салыстырып, ыстықтың жедел қартаюмен байланысын анықтауға тырысты.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қалыптан тыс ұзаққа созылған аптап ыстық – қартаю үдерістерін жылдамдататын ең басты фактор. Неліктен жоғары температураның ұзақ әсері организмді тез қартаюға итермелейтіні әзірге нақты белгісіз. Дегенмен ДНҚ-ның зақымдануы ықтимал себептердің бірі болуы мүмкін.

Бұл зерттеуге 25 мың ересек адам қатысқан. Ғалымдар олардың әдеттерін, салмағын және ауруларын да ескерді. Бірақ күн астында өткізген уақыт, тұрғын үйдің салқындатылу деңгейі және жеке кондиционер қолдануы сияқты факторлар есепке алынбаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: