Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ыстыққа шыдай алмаған тұрғындар футбол алаңында ұйықтаған

25.07.2023

686 0

Шымкентте көпқабатты үй тұрғындары пәтердегі қапырық пен адам төзгісіз аптаптан қорғанудың қызық әдісін тапты. Бірнеше қыз түнде төсек-орын жабдығын алып, футбол алаңында ұйықтаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда оқиға Шымкенттегі «Нұрсәт» мөлтекауданында болған. Видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Пікір білдіргендер қыздарды қолдап, жақсы демалуын тілеген.

«Желдеткіші жоқтар түсінеді», «Иә, көпқабатты үйлерде өте ыстық, аптаптан түнде ұйықтай алмаймыз. Жақсы идея, мен де көшеде түнейтін шығармын», «Нұрсәтте тұрамын, жақында таңғы сағат 6-да жүгіруге шығып едім, көшеде ұйықтап жатқан адамдарды көрдім», – деп жазады желі қолданушылары.

Шымкент тұрғындарына әлі біраз уақыт аптапқа шыдауға тура келеді дейді синоптиктер. Сондай-ақ, өте жоғары өрт қаупі туралы ескертілген.

«Түркістан облысы мен Шымкентте апта аяғына дейін жауын-шашын күтілмейді. Жаңбыр тек облыстың таулы аймақтарында болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады. Ал ауа температурасы күндіз +40-42, түнде +22-24 градус жылы болады», – дейді инженер-синоптик Мейірбек Қахарбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: