Сәрсенбі, 27 қараша, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Зайырлы қоғамдағы діндар адам

24.03.2021

2793 0

Мемлекетіміз Ата Заңында өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет деп жариялағаны белгілі. Алайда қазіргі уақытта «зайырлылық» ұғымын «атеистік» деп түсініп жүргендер де жоқ емес. Зайырлылық – мемлекеттің дінге деген демократиялық сипатта екендігін айқындайды. Яғни, әрбір тұлғаның сенім бостандығына еркіндік берілген.  

Бүгінде кей адамдар діни ұстанымдарын желеу етіп, діндарлығын көрсетуге бейім. Тіпті, дінге қызығушылықтары оянғаннан бастап, араб тіліндегі сөздіктерді пайдаланып, қоғамнан оқшауланатын тұлғаларды кездестіріп жатамыз. Оны көрсету мақсатында намаз оқитынын, ораза ұстайтынын, Құран оқып жүргенін, берген садақасы мен сауап амалдарын жария етеді. Мәселен, «Альхамдуллиллях», «Ма ша Аллах», «Астағфируллах» сөздерін лексикондарына енгізіп алған. Шындығына келсек, салт-дәстүрді бұзбай, адамгершілік пен ардан аттамаған ата-бабамыз «Құдайға шүкір», «Көз тимесін», «Алла сақтасын» тіркестерімен-ақ өмір сүрді емес пе?! Енді діндарға келетін болсақ, діни парыздар мен құлшылығын өтеп жүрген, дін талаптарына сай өзін жақсы ұстайтын иман жүзді адамды діндар адам деп атаймыз.

Қоғамда діндардан гөрі әсіредіншілдер көбейіп барады. Діндар адам руханиятта қалыптасқан ішкі рухани әлемі мен сыртқы бейнесі сай келген, тақуалығымен, діни құндылықтарды орындауымен оқшауланады. Ал, әсіредіншілдер дінді ұстағанымен, өзгеге діндар болып, көзбояушылық пен көпшілік ортада өзін тақуа етіп көрсеткісі келеді. Діндар адам өзінің діндарлығын тек Алламен байланыстырады. Көпке жария етпей, сауап амалдарын жасырын өтейді.

Көпшілігіміз адамдардың сыртқы бейнесіне қарап, баға беріп жатамыз. Бәзбіреу намаз оқыса, соны пір тұтып, жақсы адам деп ойлаймыз. Алайда дұға тілеп, діннен хабары бола тұра қоғамдағы болып жатқан дүниелерге толлеранттылық танытуда әлсіздікке бой алдырып жататындары да бар.

Қазіргі таңда әр адам өзінің діни ұстанымын дұрыс санап, түрлі көзқарастарды қалыптастыруынан қоғамда бөлінушілік сипаттағы әрекеттер  ашық белең алуда. Соның салдарынан келіспеушіліктер орын алып, қақтығыстарға әкелуде. Ал, кез-келген діннің негізіне үнілетін болсақ, бейбітшілік, бітімгерлік ұғымына тоқталады.

Бабаларымыз атадан балаға адамгершілік қасиеттерді сіңіртіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп отырған. Біз бірлік пен татулықты, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» қағидасын ұстанған киелі халықтың ұрпағымыз. Ізгілерімізден қалған мақал-мәтелдердің барлығы дерлік хадиспен ұштасып жатыр. Мәселен, «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті», «Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де отбасыңа да береке әкеледі» деген хадистерді, «Қуған жетпес, бұйыртқан кетпес», «Сәлем – сөздің анасы» деген даналарымыздың мақалдарынан діннен ажырамағанын байқауға болады.

Ақерке САҚТАҒАНОВА,

Дінтанушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: