Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Заманауи инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыланды

10.10.2021

825 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Современные Инновационные Технологии» ЖШС директоры Жомарт Момынбаевпен кездесті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев қатысты. Басқосуда өңірде жоғары технологиялы жобаларды қолдану мәселесі сөз болды.

Облыс әкімінің назарына Жомарт Момынбаев аймақты бу-газбен қамтамасыз ету бойынша жобасын таныстырды. Өңір басшысы аталған жобаны жан-жақты сараптап, облыс үшін тигізер тиімділігін зерделеу керектігін алға тартты.

Айта кетейік, «Современные Инновационные Технологии» (ИнТек) ЖШС балама қуат көздерімен жұмыс жасайтын отандық инжинирингтік компания. Қазақстандағы «KEGOC», «Самрұқ-Энерго», «Samruk-Green Energy» сияқты ірі өндіріс компанияларымен серіктестік орнатқан. Осыған дейін Жезқазған қаласындағы күн эелектр станциясын, Ерейментаудағы жел электр станциясын және Қапшағай су қоймасындағы күн электр станциясының құрылысына қатысқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: