Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толу мерейтойына орай Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі ХҚКО ашылды. Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатов және жұмыс сапарымен арнайы келген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Кенжеболат Арыстанғали жаңа орталықтың қызметімен танысты.

Нұржан Сәбитұлы мен Кенжеболат Арыстанғали орталықтың ұлттық сипатымен және сапалы сервистік мәдениетімен ерекшеленгенін атап өтті. Бұл орталық заманауи қызмет көрсетудің үлгісі ретінде жайлылық, цифрлық шешімдер мен азаматтарға қолайлылық ұсынуымен басымдыққа ие.

Бұған дейін ашылған ХҚКО шаһар тұрғындарын Ақмешіт № 2 Б мекенжайында қабылдап келсе, енді Ұ.Қараманов № 96-дағы жаңғыртылған ғимаратқа көшіп отыр. Бұл кеңсе Мерей, Ақмешіт, Титов және Шанхай шағын аудандарының халқы үшін өте тиімді. Ең бастысы – мұнда азаматтар жеке куәлік алудан бастап, жер мәселелеріне қатысты құжаттарды рәсімдеуге дейінгі мемлекеттік қызметтердің толық спектрін ала алады. Жалпы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 1500-ден астам қызмет көрсетеді, олардың 90 пайыздан астамы онлайн форматта қолжетімді.


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!