Сейсенбі, 09 желтоқсан, 19:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

09.12.2025

26 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласының тұрғындары мен жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, қоғамда заңға құрметті арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Үкіметтің әзірлеген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызы мен негізгі басымдықтарын кеңінен түсіндіруде. Аталған тұжырымдама қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру сынды маңызды бағыттарды қамтиды.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

2025 жылғы 9 желтоқсан күні қаладағы «ARAY CITY MАLL» сауда ойын-сауық орталығында ерікті жастардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ақпараттық үнпарақтар таратылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары бұл бастаманы қолдап, өз ортасында құқықтық мәдениетті дамытудың маңыздылығын насихаттап келеді.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Қауіпсіз Қазақстан – әр азаматтың жауапкершілігі.
Заңға құрмет – тұрақтылықтың, тәртіп – қоғамның тыныштығының кепілі.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: