Сенбі, 21 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Заң шыққанша, екі досым өз-өзіне қол жұмсады»- депутат Руслан Берденов

29.03.2024

681 0

Сурет: baq.kz

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов лудоманияның салдарынан өз-өзіне екі бала қол жұмсағаны туралы жерлесінен хат алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжілісте депутаттар бастама жасаған ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасын талқылауға арналған отырысы өтіп жатыр.

Отырыста депутат Берденов лудомания елдің аузындағы мәселе екенін атап өтіп, өзіне бүгін келген хат жайлы айтты.

Бүгін ғана тағы бір хат алдым. Өкінішті хат. Өзіміздің жерлестеріміз “сіздердің заңдарыңыз шыққанша, кеше екі досым өз-өзіне қол жұмсады” деп жазыпты. Суицидке баратындардың 20 пайызы осы құмар ойындардың салдарынан деп айтамыз. Ол көрсеткіш әлдеқайда үлкен. Мысалы, бүгінгі өз-өзіне қол жұмсаған екі баланың құмар ойындардың кесірінен суицидке барғаны туралы тіркеу жоқ. Осындай қаншама жас, қаншама адам өзіне қол жұмсап жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, біз оның себебін көбінесе білмей жатырмыз, – деді Берденов.

Мәжілісмен еліміз ажырасу бойынша әлемде бестіктің қатарында екенімізді еске салды. Оның сөзінше, ажырасудың 40 пайызына лудомания себеп болып отыр.

Өкінішке қарай, тағы бір мәселе – мектеп оқушылары. Бұл менің сөзім емес… Министрлікпен кездесуде қазіргі таңда 700 000-750 000 бала ойнаған, одан хабары бар екені белгілі болды. Осы мәселеге байланысты 8 университетте болдым. Университеттердің әкімшіліктерінің айтуынша, ЖОО-да лудомандар көп. Тіпті кейбір университеттерде 30-40 пайызға жетеді. Бұл ұл-қыз деп бөлінбейді. Оны ұлдар да, қыздар да ойнайды, – деп айтты Руслан Берденов.

Оның айтуына қарағанда, депутатты ЖОО басшылығы студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырған.

Руслан Берденов әріптестерімен бірге “Одержимость” деп аталатын деректі фильм түсіргенін атап өтті. Оның Youtube платформасындағы қараламы жақсы. Фильмде азаматтардың лудоманияға қалай шалдыққаны, одан қалай шыққаны көрсетілген.

Мәселені шешу үшін нақты қатал заң керек. Бірқатар ұсынысымыз бар. Заң қатал болады. Жаңадан құрылатын бәс тігу мекемелері немесе онлайн-казинолар емес, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған алпауыт компанияларға да өте қатаң заңдар шығаруымыз қажет, – деп айтты депутат комитет отырысында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: