Дүйсенбі, 25 қараша, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Заңдастыру кезінде ұрланған көліктер анықталуда

26.01.2023

540 0

Ақтөбеде көлік заңдастыру науқаны кезінде көрші елден ұрланған көліктер анықталып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оны тәртіп сақшылары дереу тартып алып, айыппұл тұрағына қойған. Ал жүргізушілер адал ақшаға алған көлігіміздің осы уақытқа дейін қылмысқа қатысы барын білмедік деп ақталған.

«Заңдастыру кезінде біліп тұрмын ғой. Кеше ұстағаннан кейін біліп тұрмын. Оған дейін маған ештеңе істеген жоқ. «Мынау ұрланған» деді де, жауып тастады. Төрт миллионға сатып алған ақшам далаға кетті», – дейді Ақтөбе тұрғыны Азат Нағыманов.

Бір жыл айдаған көлігінен айырылған Азат Нағыманов полиция басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының арасында жүр. Ресей нөмірлі көлігін аудан тұрғынынан сатып алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, олар іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар кез келген көлікті айыппұл тұрағына қоюға міндетті.

Телеарна мәліметінше, жалпы елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы екі мыңнан аса өтініш түскен. Соның тек 200-ге жуығына ғана қазақстандық нөмір берілді. Құжат тапсырушылар көп болғандықтан, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі де өзгерген. Енді мамандар бұрынғыдан екі сағатқа артық және сенбі күні де жұмыс істейді.

«Көбінің өтінішін қанағаттандырмай жатыр. Түрлі себеп бар. Ең алдымен – өтініштің дұрыс толтырылмауы. Одан соң былтыр 1 қыркүйектен кейін елге әкелген көлігін заңдастырғысы келеді. Кеден тексеруі немесе өзге елде қандай да бір шектеуі бар көлік болып шығады», – дейді Ақтөбе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Самат Төлеуов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: