Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Заңгер Түркістандағы құны 9 млрдқа салынған жағажайдың суретін көрсетті

24.11.2023

672 0

Заңгер Түркістандағы құны 9 млрдқа салынған жағажайдың суретін көрсетті

Фото: Дидар Смағұлов

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов Түркістан қаласындағы 9 млрд теңгеге салынған жағажайдың суреттерін көрсетті. Заңгер құрылысына қыруар қаржы жұмсалған орынға туристер тұрмақ қала тұрғындарының өздері де келмейтінін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парақшасына жағажайдың қазіргі кейпі көрінген суреттерді жарияланған заңгер бұл жердің “қараусыз қалған су қоймасы” емес, Түркістандағы туризм саласын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі кешен екенін атап өтеді.

“Қалай дегенмен де құжаттарда солай жазылған. Оның мақсаты – жергілікті және шетелдік азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға инвесторларды тарту, бұл бюджетке салық түсімдерін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Түркістан экономикасының дамуына жалпы оң әсер ету тиіс еді. Өте әдемі сөздер үлкен кэшті (қаражат – ред.) қажет етеді. Ал Түркістан облысында бұл жақсылық (қаржы жайлы айтып отыр – ред.) жеткілікті”, – деп жазды заңгер.

Смағұловтың сөзінше, 2020-21 жылы су асты каналын салуға, жасанды көлді тереңдетуге және жағалауды қорғауға, 1 көзден 1 815 699 000 теңге жұмсалған. 2022 жылдың қараша айында абаттандыру үшін: пирстер, көпірлер, модульдік ғимараттардың құрылысы – душ кабиналары, ванна бөлмелері, билет кассалары, жалға беру пункттерін салу үшін тағы 7 030 120 956 теңге берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: